КІТАПХАНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

КІТАПХАНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Қазіргі таңда діни экстремизм мен радикализм қоғам үшін аса өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Осыған орай, жастардың және мекеме қызметкерлерінің діни сауатын арттыру және теріс діни ағымдардан сақтандыру мақсатында түрлі кездесулер мен түсіндіру жұмыстары үздіксіз жүргізілуде.

Осы бағытта, Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Б. Абдрахман Отырар аудандық кітапханасының қызметкерлеріне «Діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбында кездесу өткізді.

Кездесудің негізгі мақсаты – кітапхана қызметкерлерінің мектеп оқушылары арасында жат ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру және білім беру барысында пайдаланатын білімдерін жетілдіру, сондай-ақ, жастардың экстремизмге қарсы санасын қалыптастыру, діни экстремизмге қарсы іс-қимыл мәселелерінде құқықтық және азаматтық жауапкершілік деңгейін арттыру, Қазақстан жастарын радикалды діни ағымдарға тартуға жол бермеу болып табылады.

Өткізілген семинарға барлығы 70-ке жуық қызметкерлер қатысты және зайырлылық қағидаты мен радикалды діни ағымдардың құрбаны болмау жолдары талқыланды.

Кездесуде, дәстүрлі құндылықтар мен ата-бабамыздың салт-дәстүрі жайлы ой толғанып, діни теріс ағымдардың ұлттық құндылықтарымызға келтіретін зияны жеткізілді және оған қарсы мотивациялық дәріс оқыды.

Сонымен бірге, ата-ананы құрметтеу, жастар арасында салт-дәстүр мен ұлттық құндылықтарды дәріптеу, дәстүрлі дін және жат пиғылды діни ағымдардың теріс әсеріне қатысты сөз қозғалды.

Патриоттық-рухани сезімді ояту үшін пікірталас ретінде сұрақтар қойылып, ел ағаларымен бірге марқымды жауаптар берілді.

 

Материал Түркістан облысы бойынша

ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды