Өтеген батыр ауылында діни экстремизмнің жасырын қауіптері талқыланды

Өтеген батыр ауылында діни экстремизмнің жасырын қауіптері талқыланды

Өтеген батыр ауылындағы мемлекеттік органдардың қызметкерлері қазіргі заманның өзекті мәселелерінің бірі - діни экстремизм мен санаға әсер ету арқылы манипуляция жасау қауіпін талқылады.

Іс-шараны ұйымдастырушы - Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы. Орталық мамандарының пікірінше, бүгінде ақпараттық және психологиялық иммунитетті нығайту - аса маңызды, әсіресе мақсатшыл әрі ынталы мемлекеттік қызметшілердің арасында, себебі олар әсерге бейім топтардың бірі саналады.

Кездесуде негізгі баяндама жасаған орталық бөлімінің басшысы Сәдуақасов Қанат діни ағым ретінде көрінетін кейбір топтардың шын мәнінде адамдардың еркіндігі мен санасын бағындыруды көздейтінін атап өтті. Мұндай топтар әсіресе интернетте белсенді әрекет етеді - «ұстаз» бейнесін жамылған радикалды тұлғалар сенімге кіріп, эмоция мен білімнің жетіспеушілігін шебер пайдаланады.

Диалог барысында қатысушылар:

– идеологиялық үгіт-насихаттың белгілерін қалай тануға болатынын;

– сыни ойлаудың маңызын;

– заманауи цифрлық технологиялардың экстремистік идеологияны таратудағы рөлін білді.

Мемлекеттік құрылымдардың қызметкерлері ашық әрі пайдалы кездесуді ұйымдастырғаны үшін алғыстарын білдірді. Радикалды идеялар тез таралатын қазіргі уақытта мұндай іс-шаралар алдын алу жұмысының маңызды бөлігіне айналып отыр және азаматтық иммунитетті қалыптастыруда шешуші рөл атқарады.

 

Материал облыстық ТҚК ақпараты негізінде дайындалды