«Радикализм тұзағы: мемлекеттік қызметкерлер сананы уландырудан қалай қорғана алады?»

«Радикализм тұзағы: мемлекеттік қызметкерлер сананы уландырудан қалай қорғана алады?»

Қоянқұс ауылында әдеттегі жұмыс жиналысынан өзгеше кездесу өтті. Алатау қаласы әкімі аппаратының мәжіліс залында мемлекеттік қызметкерлер жұмыс барысынан гөрі бүгінгі қоғам үшін аса өзекті мәселені - діни экстремизм қатерін талқылады.

Іс-шараны ұйымдастырған - Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы. Орталық өкілдерінің айтуынша, қазіргі кезде ақпараттық иммунитет қалыптастыру - аса маңызды. Әсіресе мақсат-мұраты бар, алайда кейде сенгіш болатын мемлекеттік қызметкерлер үшін бұл өзекті.

Кездесу барысында орталықтың бөлім басшысы Сәдуақасов Қанат Сессияұлы ашық әрі мазмұнды әңгіме өрбітті. Оның айтуынша, бүгінгі күні дін атын жамылып, шын мәнінде сананы бағындыруды көздейтін топтар көбейіп келеді. Олар үшін басты құрал – ол интернет. Желідегі кейбір «уағызшылар» - шын мәнінде эмоция мен білімсіздікті тиімді пайдаланатын ол радикалды идеологтар.

Кездесу барысында қатысушылар алдап-арбаушыларды қалай тануға болатынын, күмәнді діни шаралардағы ақпаратқа соқыр сеніммен қараудың неге қауіпті екенін және сыни ойлау қабілетінің осы бағыттағы қауіпсіздіктегі маңызын түсінді.

Қатысушылар ашық әрі өзекті тақырыптағы әңгіме үшін ұйымдастырушыларға алғыс білдірді. Бүгінгі таңда қоғамға қауіп төндіретін идеялар кез келген вирусқа қарағанда жылдамырақ тарайтын заманда, ақпараттық сауаттылық - қорғаныштың бір түрі, күрескердің қалқанына айналған құрал деуге болады.

 

Материал облыстық ТҚК ақпараты негізінде дайындалды