ҚР ҰҚК ТҚО Штабының үйлестірумен ҚР ҰҚК Павлодар облысы бойынша департаменті ү.ж. 24 мамыр күні Павлодар облыстық терроризмге қарсы жедел штабтарының күш пен құралдары жұмылдыруымен терроризм актілерінің алдын алуға және оның салдарын жоюға бағытталған жоспардан тыс «Мамыр-Антитеррор-2025» аралас оқу және объектілік эксперименті өтті.
Эксперимент барысында террористік тұрғыдан осал (адамдардың көп жиналатын жерлері) «Квазар», «Мирас» екі ірі сауда үйлердің және Павлодар қаласы теміржол вокзалы қызметшілердің, соның ішінде желілік полиция бөлімі қызметкерлерінің, террористік қауіп төнген жағдайда іс-қимылдары бағаланды.
Сонымен қатар, эксперимент барысында жедел штабтың және оның жедел топтарының стресске төзімділігі мен дұрыс шешім қабылдау мүмкіндігін тексеру үшін террористік қауіптер дамуының, соның ішінде террористердің бір мезгілде бірнеше объектілерді басып алу сценарийлері имитацияланды.
Өткен эксперимент нәтижесінде, Павлодар облысының мемлекеттік органдар террористік әрекеттерді алдын-алып, тосқауыл қоюға дайын екендігін айғақтап, қойылатын талаптар, мақсаттар мен міндеттерді орындалғанын көрсетті.
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Павлодар облыстық жедел штабы