Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

Шыңғырлау  ауданы,  Шыңғырлау ауылында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

«25» маусым күні Шыңғырлау ауданы,  Шыңғырлау ауылы аумағында терроризмге қарсы Шыңғырлау аудандық жедел штабымен «Шыңғырлау-Антитеррор-2025» оқу-жаттығуы өткізіледі.

Аталған іс-шараның мақсаты - құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының террористік сипаттағы түрлі қауіп-қатерлерге қарсы тұру деңгейін тексеру.

Осыған байланысты аудан тұрғындары мен қонақтары жүргізіліп жатқан оқу іс-шараларына, автокөлік пен халық қозғалысының ықтимал уақытша шектеулеріне түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырылады.

 

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі БҚО жедел штабы