2025 жылдың «20» маусым күні сағ. 10:00 – 14:00 аралығында Көкшетау қаласы әуежайының аумағында Ақмола облысының жедел штабымен терроризм актілеріне жедел әрекет ету шеңберінде «Әуежай-Антитеррор-2025» оқу-жаттығуы өткізілуі жоспарлануда.
Іс-шараның мақсаты құқық қорғау және арнайы органдардың түрлі террористік сипаттағы қауіптерді жою жөніндегі күштер мен құралдардың дайындық деңгейін тексеру.
Азаматтарды сабыр сақтауға шақырып, ресми ақпарат дереккөздерге сенуді және оқу-жаттығуларға қатысатын мемлекеттік органдары қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне түсіністікпен қарауларын сұраймыз.
Ақмола облысының терроризмге қарсы
күрес жөніндегі жедел штабы