2025 жылдың 20 маусым күні сағ. 14:00 – 17:00 аралығында Науырзым ауданы Қараменді ауылында, Науырзым аудандық терроризмге қарсы жедел штабы «Науырзым-Терроризмге қарсы-2025» жедел-тактикалық антитеррористік оқу-жаттығуларын өткізеді.
Іс-шараның мақсаты құқыққорғау және арнайы органдардың түрлі террористік сипаттағы қауіптерді жою жөніндегі күштер мен құралдардың дайындық деңгейін тексеру.
Азаматтарды сабыр сақтауға шақырып, ресми ақпарат дереккөздерге сенуді және оқу-жаттығуларға қатысатын мемлекеттік органдары қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне түсіністікпен қарауларын сұраймыз.
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі
Науырзым аудандық жедел штабы