Денисов ауданында жедел-тактикалық жаттығу өткізу туралы

Денисов ауданында жедел-тактикалық жаттығу өткізу туралы

2025 жылдың 12 маусым күні сағ. 10:00 – 13:00 аралығында Денисов ауданы Денисов ауылында, Денисов аудандық терроризмге қарсы жедел штабы «Қостанай-Терроризмге қарсы-2025» жедел-тактикалық антитеррористік оқу-жаттығуларын өткізеді.

Іс-шараның мақсаты  құқыққорғау және арнайы органдардың түрлі террористік сипаттағы қауіптерді жою жөніндегі күштер мен құралдардың дайындық деңгейін тексеру.

Азаматтарды сабыр сақтауға шақырып, ресми ақпарат дереккөздерге сенуді және оқу-жаттығуларға қатысатын мемлекеттік органдары қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне түсіністікпен қарауларын сұраймыз.

 

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі
Денисов аудандық жедел штабы