2025 жылғы 11 маусым күні сағат 10:00-ден 15:00-ге дейін Тайынша қаласындағы №5 орта мектеп аумағында терроризмге қарсы күрес жөніндегі Тайынша аудандық жедел штабының ұйымдастыруымен жоспарлы терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өткізіледі.
Оқу-жаттығу мақсаты – төтенше жағдайларды жою және шартты терроризм актісін жолын кесу бойынша құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың күштері мен құралдарының практикалық дағдыларын дамыту.
Өткізілетін іс-шараға байланысты Қазақстан Конституциясы көшесі, Кенесары Қасымов көшесі және Дала көшесінде (Полевая переулок) көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі. Осыған орай аудан қонақтары мен тұрғындарын уақытша шектеулерге түсінікпен қарауды, қауіпсіздік шараларды сақтауды, тиісті мемлекеттік қызметкерлердің заңды талаптарын орындауды, тек ресми ақпарат көздеріне сенуді және жалған ақпараттың таралуына жол бермеуді сұраймыз.
Солтүстік Қазақстан облысы
терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы