2025 жылғы 10 маусымы сағат 10:00-ден 15:00-ге дейін аудан орталығы Талшық ауылындағы дене шынықтыру - сауықтыру кешенінің аумағында терроризмге қарсы күрес жөніндегі Ақжар аудандық жедел штабының ұйымдастыруымен жоспарлы терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өткізіледі.
Оқу-жаттығудың мақсаты – құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың шартты террористік актінің жолын кесу және төтенше жағдайларға жедел ден қою бойынша практикалық дағдыларын пысықтау.
Оқу-жаттығу барысында Иманова, Біржән-Сал, Әуезов және Юбилейная көшелерінде көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі. Аудан қонақтары мен тұрғындарынан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды, тек ресми ақпарат көздеріне сенуді және расталмаған ақпарат таратпауды сұраймыз.
Солтүстік Қазақстан облысы
терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы