
ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаменті Терроризмге қарсы орталық бөлімі, Түркістан облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы, Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы, Түркістан облысы ПД Күзет қызметін бақылау бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен, Түркістан облысы полиция департаментінің мәжіліс залында облыс аумағында жұмыс істеп жатқан 72 жеке күзет ұйым басшыларына терроризмге қарсы түсіндіру сабақтары жүргізілді.
Іс – шараға қатысқан жеке күзет ұйым басшыларынан террористік қауіп туындаған кезде күзетшілердің іс-қимыл тәртібі бойынша тестілеу алынып, орташа деңгейде баға берілді.
Сонымен бірге, нақты мысалдарды пайдалана отырып, объектілерде алғашқы әрекет ету алгоритмі және олардың айналасындағы күдікті адамдар мен заттарды анықтау, қылмыс жасау немесе қатер төндіру туралы хабарламаларды (телефон, почталық арна, электрондық почта және т.б.) лаңкестік әрекеттерді жасау, орнатылған жарылғыш заттар, қарулы шабуыл, сондай-ақ кепілге алдынған кезде, қалай іс-әрекет ету керектігі түсіндірілді.
Жиын қорытындысы бойынша, қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, жауапты қызметкерлермен толыққанды жауаптар берілді.
«Түркістан» газетінің тілшісі
Д.Тілеухан