
Күзет қызметкерлерімен бастапқы әрекеттер алгоритмі бойынша тестілеу және антитеррористік қорғаныс бойынша сабақтар өткізілді.
Күзет қызметі объектілерінде нысанында қауіпсіздік деңгейін арттыру және төтенше жағдайлар кезінде әрекет етуге дайындықты күшейту мақсатында күзет қызметкерлерімен террористік қауіп төнген жағдайда бастапқы әрекеттер алгоритмі бойынша жоспарлы тестілеу және антитеррористік қорғаныс бойынша оқыту сабақтары өткізілді.
Іс-шаралар террористік қауіп туындаған жағдайда әрекет ету дағдыларын пысықтауға бағытталды. Атап айтқанда: эвакуация, хабарлау, жедел қызметтермен өзара іс-қимыл және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері қамтылды.
Сабақ барысында күзетшілер жоғары дайындық деңгейін, нұсқаулықтарды білуін және күрделі жағдайларда тез шешім қабылдау қабілетін көрсетті. Тестілеу нәтижелері бойынша кәсіби дағдыларды жетілдіру мен антитеррористік қорғаныс шараларын тиімді жүзеге асыруға қатысты жеке ұсыныстар берілді.
Мұндай шараларды өткізу күзетілетін нысанда қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыстың бір бөлігі болып табылады және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сай жүзеге асырылады.
Жамбыл облысы ҰҚКД ТҚО бөлімі