
ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаменті ТҚО бөлімінің бастамасымен Түркістан облысы полиция департаментінің ғимаратында ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаменті, полиция департаменті, төтенше жағдайлар департаменті, денсаулық сақтау басқармасының кезекші қызметкерлерімен және ТОЖШ/ҚЖШ/АЖШ-дың жедел топ басшыларымен семинар кеңес өткізілді.
Қатысушылармен бірінші кезекте терроризмге қарсы күрес жөніндегі Түркістан облыстық жедел штаб басшысымен бекітілген Алгоритмдер талқыланды.
Сонымен бірге, семинарда өзгерістер мен толықтырулар енгізілген нормативтік-құқықтық актілердің қолданылуына түсіндірме беріліп, өзара пікір алмасып, ұсыныстармен сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.
Материал ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша
департаментінің ақпараты негізінде дайындалды