Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі құрылысы ұзаққа созылған әлеуметтік нысандарды сүйемелдеу бойынша жұмысын жалғастырып жатыр.
Биыл Қазақстанда 3 жылдан 4 жылға дейін аяқталмай тұрған 6 проблемалық нысанның құрылысы аяқталды. Алайда бұл бағыттағы жұмыс тоқтамайды – қазіргі таңда Агенттіктің аумақтық департаменттерінің бақылауында ел бойынша 152 құрылысы ұзаққа созылған нысан бар.
2023 жылдың қазан айынан бастап құрылысы ұзаққа созылған нысандарды сүйемелдеу жобасы іске қосылған сәттен бері 87 нысанның құрылысы аяқталды. Олардың қатарында мектептер, тұрғын үйлер, спорттық және мәдени нысандар, сондай-ақ көпірлер мен су құбыры желілері бар.
Ең көп нысан аяқталған өңір – Павлодар облысы (14 нысан), Ақтөбе облысы – 10, Қызылорда облысы – 8, Астана қаласы, Түркістан, Ақмола және Батыс Қазақстан облыстары – әрқайсысы 6 нысаннан.
Аталған жобалардың барлығы тұрғындар үшін, әсіресе шалғай және ауылдық елді мекендерде тұратын халық үшін аса маңызды болып табылады.
Атап айтқанда, төмендегідей нысандар пайдалануға берілді:
- енді мыңдаған бала сапалы біліммен қамтитын - 20 мектеп;
- отбасыларға, олардың ішінде көпбалалы отбасылар мен жетім балаларға арналған баспана - 12 тұрғын үй берілді;
- спортпен айналысуға жаңа мүмкіндік беретін - 9 спорт нысаны ашылады;
- 8 мәдениет және демалыс нысаны;
- 4 денсаулық сақтау нысаны, сонымен қатар 4 көпір мен 3 балабақша.
Таза ауызсумен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінуде. Нәтижесінде 26 елді мекен таза суға қол жеткізді, бұл жергілікті тұрғындардың өмір сапасына тікелей әсер етеді.
Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеевка қаласында үш жылдық күткеннен кейін 27 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл үй 2022 жылы аяқталуы тиіс болған. Пәтерлер көпбалалы отбасыларға, жетім балаларға және әлеуметтік осал топтарға берілді.
Сондай-ақ, Қостанай қаласында 45 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, кешігіп болса да пайдалануға берілді.
Атырау облысында Сарытогай ауылында 200 орындық мәдениет үйінің құрылысы аяқталды. Бұл нысанның құрылысы 8 жылға созылған болатын.
Сонымен қатар, Павлодар облысында Куркелі, Баянауыл және Шұға ауылдарында су құбыры желілері іске қосылды. Бұл жобалар 400-ден астам үй шаруашылығын таза ауызсумен қамтамасыз етті.
2025 жылдың екінші тоқсанында елдің түрлі өңірлерінде тағы 15 нысанның құрылысы аяқталады деп жоспарлануда. Олардың қатарында Ақмола, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Жамбыл, Ақтөбе, Қостанай, Түркістан, Ұлытау облыстары мен Алматы, Шымкент қалалары бар. Бұл жобалар тұрғын үйлермен қатар, мектептер, спорт және мәдениет нысандары сияқты әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын қамтиды.
Құрылысы ұзаққа созылған нысандарды бақылау жұмысы жалғасуда. Қалған нысандарды аяқтау мәселесі өңір әкімдерінің жанындағы ведомствоаралық комиссиялардың отырыстарында талқылануда. Биыл мұндай отырыстар 30 рет өткізілді. Сонымен қатар, еріктілер мен уәкілетті органдар бірлесіп, нысандарды бақылап, проблемаларды оқиға орнында жою үшін 87 рет шығу мониторингін ұйымдастырды.
Қоғам мен мүдделі органдардың бірлескен күш-жігерінің арқасында, бар қиындықтарға қарамастан, құрылысы ұзаққа созылған нысандардың саны азайып келеді.
Көптеген нысанның белгіленген мерзімде аяқталатынына сенім бар.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасын табады.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
_ Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе WhatsApp-чат-бот: 8 777 000 1424 және @antikorkz_bot Telegram-боты арқылы шұғыл хабарлаңыз.