⚡️ Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы сотталды

⚡️ Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы сотталды

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамда заңдылық пен тәртіп қағидатын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық фактілерінің жолын кесу жөніндегі жұмысты жалғастыруда.

Ақтөбе қаласының № 2 соты облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы Б. Шағалбаевқа және оның орынбасары Н. Досжановқа қатысты үкім шығарды.

Ағымдағы жылдың 28 қаңтарында олар дезинфекция, дезинсекция және дератизация қызметтерін жүзеге асыруға лицензияны кедергісіз бергені үшін коммерциялық ұйым басшысынан 1 млн теңге көлемінде пара алғаны анықталды.

Сот лауазымды тұлғаларды пара алғаны үшін, ал кәсіпкерді пара бергені үшін кінәлі деп тауып, оларға мемлекеттік қызметте, судьяда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 20-дан 35 млн теңгеге дейінгі мөлшерде айыппұл түрінде жаза тағайындады.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрқайсысы кінәсіз деп есептеледі.


ТЕЛЕАРНАЛАР ҮШІН ВИДЕО: https://disk.yandex.kz/d/HzAkz5ZcXJxAnQ

#Заң_мен_Тәртіп      
#ЗАҢменТӘРТІП  

_
❗️Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе WhatsApp-чат-бот: 8 777 000 1424 және
@antikorkz_bot Telegram-боты арқылы шұғыл хабарлаңыз.