Мемлекет Басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидаттарын ілгерілету бойынша жұмысты жалғастыруда.
Қазіргі жағдайда кез-келген мемлекеттік орган қоғамның қолдауымен ғана жетістікке жете алады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді жұмыс тек халықтың белсенді қатысуының арқасында мүмкін болады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі түрлі байланыс арналары арқылы ашықтық қағидатын іске асырады.
Біздің жұмысымыздың алғышарттары ретінде «транспаренттілік» және «ашықтық» қағидаттары тұр.
Агенттік жұмысының негізгі бағыттарының бірі азаматтармен жедел және тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін Call-орталықты ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Call-орталығы тәулік бойы жұмыс істейді, азаматтарға тегін ақпараттық-консультациялық қолдау көрсетеді.
Операторлар Агенттіктің қызметі туралы сұрақтарға жауап береді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер бойынша шағымдарды, ұсыныстар мен пікірлерді қабылдайды.
Орталық сыбайлас жемқорлық фактілері, оның ішінде орын алған немесе жоспарланып жатқан құқық бұзушылықтар туралы, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау жағдайлары туралы телефон хабарламаларына тәулік бойы ден қояды.
Сыбайлас жемқорлық қарсы іс-қимыл агенттігі операторы құқық бұзушылық жасады деген күдік туралы қоңырау түскен кезде абонентті хабарламаға тіркейтін және жедел ден қою шараларын қабылдайтын Агенттіктің кезекші офицерімен дереу байланыстырады.
Осылайша, әрбір хабарлама уақтылы тексеріледі.
Жеткілікті негіздер болған жағдайда сотқа дейінгі тергеу басталады.
2024 жылы Call-орталыққа 26 мыңнан астам өтініш түсті:
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәселелері бойынша 5,8 мыңнан кеңес берілді;
- Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық белгілері бар 862 хабарлама;
Call-орталық арқылы келіп түскен хабарламалардың нәтижелері бойынша ашылған қылмыстық істердің саны артып келеді.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдем көрсететін адамдарға, егер кінәлі адамға қатысты сот қаулысы немесе айыптау үкімі заңды күшіне енген жағдайда, біржолғы ақшалай сыйақы төленетінін еске саламыз.
Сыйақы қағидалармен регламенттелген және сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыру және азаматтық қоғамды осы қауіпті әлеуметтік құбылысқа қарсы күреске тарту жөніндегі пәрменді ынталандырушы тетік болып табылады.
Сыйақы 10%-ға дейін, бірақ 4 мың АЕК-тен аспайды. Яғни, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы сенімді ақпарат бергені үшін 15,7 млн теңгеге дейін сыйақы көзделген.
2024 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жалпы сомасы 35,5 млн теңгеге 104 азаматты көтермеледі, оның ішінде 38 мемлекеттік қызметші грамоталармен марапатталды.
Өтініштердің көпшілігінде мынадай фактілер бар: қылмыстық және әкімшілік жауаптылыққа тартпағаны үшін пара алғаны, өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны, патронаттығы, мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтар және лауазымды тұлғалардың басқа да заңсыз әрекеттері.
Сыйақы алған адамдардың ең көп саны Қарағанды, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша департаменттерге тиесілі, онда 6-дан 10 адамға дейін сыйақы алды.
Мемлекеттік қызметшілердің хабарламалары да артып келеді.
2024 жылы Шымкент қаласында 6 млн теңге, яғни пара сомасының 10% - на «Т» және «Б» азаматтарының қылмыстық іс-әрекетінің жолын кесуге көмектескені үшін «Б» азаматы сыйақы алды.
Астана қаласы бойынша департаменті 3 млн теңге сомасына полиция қызметкерлеріне пара беруге итермелеген екі азаматқа қатысты сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағаны үшін «Т» азаматына сыйақы берді.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ақпарат берушілердің толық құпиялылығын қамтамасыз етеді. 2023 жылғы 3 қаңтардан бастап азаматтардың бұл санаты куәгерлерді қорғаудың кешенді бағдарламасына түсті.
Енді сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған адамдарға қатысты физикалық қол сұғылмаушылық ғана емес, сонымен қатар құпия ақпаратты және олардың еңбек құқықтарын қорғау шаралары күшейтілді. Енді сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған адамдарды комиссия құрамында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерінің қатысуынсыз тәртіптік жауапкершілікке тартуға, жұмыстан шығаруға немесе басқа лауазымға ауыстыруға болмайды. Ал сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған адамдар туралы құпия ақпарат жария етілген жағдайда қылмыстық жауаптылық көзделген.
Естеріңізге сала кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімділік, сондай-ақ азаматтық белсенділікті арттыру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыбайлас жемқорлық фактілері туралы жедел хабарлау үшін жаңа WhatsApp-чат-бот Антикор 1424 құралын іске қосты.
Енді әрбір азамат сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлай алады немесе WhatsApp мессенджері арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес ала алады.
Ол үшін 8 777 000 1424 нөміріне хабарлама жіберу жеткілікті.
WhatsApp чат-бот Антикор 1424 арқылы не істеуге болады?
✅ Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлау
✅ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес алу
Біз өтініштің толық құпиялылығына кепілдік береміз.
Барлық хабарламалар міндетті түрде қаралады және құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады.
Алайда, сыбайлас жемқорлық туралы жалған хабарлау қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын еске саламыз.
Сыбайлас жемқорлық фактісі туралы кез келген азамат 1424 телефоны бойынша 24/7 жұмыс істейтін Антикор Call-орталығына немесе WhatsApp-чат-бот Антикор 1424: 8 777 000 1424, сондай-ақ аумақтық Antikor Ortalygy-ге бара алады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет азаматтарды сыбайлас жемқорлық фактілері туралы ақпарат болған жағдайда 1424 нөмірі бойынша Call-орталыққа жүгінуге шақырады.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
_
❗️Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе WhatsApp-чат-бот: 8 777 000 1424 және @antikorkz_bot Telegram-боты арқылы шұғыл хабарлаңыз.