Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Төрағасы Асхат Жұмағали Қазақстанның халық әртісі, халықаралық әнші, композитор, мультиинструменталист Димаш Құдайбергенмен кездесті.
Кездесу барысында Агенттік Төрағасы жемқорлықтың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралармен, сондай-ақ елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ықпал ететін Агенттік жұмысының ашықтығын арттыруға, негізгі бағыттары мен заңдылық қағидаттарын нығайтуға бағытталған заманауи әдістермен таныстырды.
Асхат Жұмағали өнердің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда, адалдық пен әділдікке тәрбиелеуде, адамдардың дүниетанымына әсер етуде және парасаттылық қағидаттарын нығайтуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Антикор Төрағасы қоғамдағы жемқорлыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыру мақсатында алдын алу жұмыстарына назар аудару маңызды екенін атап өтті.
Тараптар Мемлекет басшысы жариялаған қоғамдағы заңдылық пен тәртіп идеологиясын ілгерілету шеңберінде сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге, мәдени және білім беру бастамалары арқылы парасаттылық қағидаттарын насихаттауға бағытталған бірлескен жобаларды талқылады.
Кездесу соңында Асхат Жұмағали Димаш Құдайбергенге еліміздің мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін алғысын білдіріп, шығармашылық қызметіне үлкен табыс пен сәттілік тіледі.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
_
❗️Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе @antikorkz_bot Telegram-боты шұғыл хабарлаңыз.