Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Төрағасы Ресей Федерациясының Елшісімен кездесті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Төрағасы Ресей Федерациясының Елшісімен кездесті

Ағымдағы жылдың 17 желтоқсанында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Асхат Жұмағали Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Николаевич Бородавкинмен екіжақты кездесу өткізді.

Кездесу барысында екі ел арасындағы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, трансұлттық жемқорлық схемаларына қарсы күрес және қылмыстық қудалаудың тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды одан әрі жетілдіру перспективаларына ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ, екіжақты қатынастар шеңберінде тәжірибе алмасу және бірлескен бастамаларды іске асыру мәселелері қозғалды.

Асхат Жұмағали ТМД елдерінің Мемлекетаралық кеңесі шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл функцияларын жүзеге асыратын Ресей Федерациясының Бас прокуратурасымен одан әрі өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті.

Аталған институт өзекті сын-қатерлерді бірлесіп шешу және өңіраралық ынтымақтастықты нығайту үшін кең мүмкіндіктер ұсынады.

Кездесу қорытындысы бойынша жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігін арттыруға бағытталған күш-жігерді үйлестіруді және бірлескен жобаларды іске асыруды жалғастыруға өзара ұмтылыс білдірілді.

#Заң_мен_Тәртіп #ЗАҢменТӘРТІП

_ ❗️

Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, @antikorkz_bot Telegram-боты немесе 1424 нөмірі арқылы шұғыл хабарлаңыз!