Астана қаласы Полиция департаментінің ЖПҚ ротасының командирі сот жүйесінің қызметкерлеріне пара беруге итермеледі деп күдіктенуде

Астана қаласы Полиция департаментінің ЖПҚ ротасының командирі сот жүйесінің қызметкерлеріне пара беруге итермеледі деп күдіктенуде

Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Астана қаласы Полиция департаментінің жол-патрульдік қызмет ротасының командиріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Лауазымды адам азаматтық іс бойынша оң шешім қабылдағаны үшін прокуратура жанындағы Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының бұрынғы қызметкері «Ж» азаматы арқылы сот жүйесінің қызметкерлеріне ірі мөлшерде пара беруге итермеледі деп күдіктенеді.

«Ж» азаматы прокуратурада әкімшілік лауазымды атқара отырып, жедел қызметкер болмаған. Қылмыс жасау кезінде жұмыссыз болған. Ағымдағы жылдың 8 маусымында тергеу сотының санкциясымен аталған адамдар қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.