«Атамекен» ҰКП Басқармасының экс-төрағасы ұсталды

«Атамекен» ҰКП Басқармасының экс-төрағасы ұсталды

Ү.ж. 10 мамырда Антикоррупциялық қызмет «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқармасының экс-төрағасы А.И. Мырзахметовті ұстады.

Ол алаяқтық пен кәсіпкерді оның туысын қылмыстық жауапкершіліктен босатуға жәрдемдескені үшін аса ірі көлемде пара беруге итермелеген деп күдіктенеді.

Күдікті Астана қаласы ПД УҰИ-на қамалды.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша жедел-тергеу іс-шаралары кешені жүргізілуде. Оның басқа да қылмыстарға қатысы туралы ақпарат тексерілуде.

Сыбайлас жемқорлықтың кез келген фактілері туралы Антикоррупциялыққызметке және Call-орталыққа 1424 нөмірі бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз.

Тергеу жалғасуда.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сонымен бірге, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік Кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Спикер: Арман Тлеукенов, Антикоррупциялық қызметтің ресми өкілі