Антикор жауап алу және сотқа дейінгі тергеу кабинеттерін көрсетті

Антикор жауап алу және сотқа дейінгі тергеу кабинеттерін көрсетті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Парламент Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшелеріне жауап алу және сотқа дейінгі тергеу жүргізу кабинеттерін көрсетті.

Жауап алу және сотқа дейінгі тергеп-тексеру кабинеттері төрт үздіксіз бейнебақылау камерасымен жабдықталған. Екі камера Агенттіктің Астана қаласы бойынша департаментінің кезекші бөліміне қосылған.

Үшінші камера арқылы ҚР Бас прокуратурасының қызметкерлері күдіктілерден жауап алу процесін қадағалайды. Бұл камераға тек прокурорлар ғана қол жеткізе алады және бейнематериалдар Бас прокуратураның серверінде сақталады.

Төртінші камера осы кабинеттегі болып жатқан жағдайлардың барлығын түсіреді.

Жалпы, Департамент ғимаратындағы бейнебақылау жүйелері жеке гигиена орындарын қоспағанда, келушілердің кабинеттерге бару бағытын қамтиды.

Бұл шаралар Қазақстан ратификациялаған халықаралық актілерге сәйкес азаптауға қарсы және тергеудің рұқсат етілмеген әдістерін болдырмауға бағытталғанын көрсетеді.

Сонымен қатар, кабинеттерде Гезелланың брондалған айналары орнатылған, олар «Тұлғаны анықтау» сияқты тергеу әрекеттерін жүргізу үшін қолданылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2020 жылдан бастап күзетпен ұстауға қатысы жоқ бұлтартпау шарасы қолданылған адамдарды қадағалаудың электрондық білезіктерін пайдалану бойынша халықаралық тәжірибені қолданады.

Электрондық білезік - күдіктінің немесе айыпталушының аяғына бекітілген радиоэлектрондық модуль.

Оны алып тастауға немесе оған кез-келген механикалық әсер етуге тырысу дабыл сигналының қосылуына және хабарламаны Антикордың кезекші бөліміне жіберуге әкеледі.

Сонымен қатар, Агенттік Төрағасы Асхат Жұмағали алдағы бес жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасын іске асыру, кәсіпкерлерге көмектесуге бағытталған «Бизнеске жол» жобасы, сондай-ақ қоғамның неғұрлым қауіпті салалары мен проблемалық мәселелерін айқындайтын жемқорлық тәуекелдерінің картасы туралы айтып берді.

Ол сондай-ақ жаңа тәсілдер, қылмыстық істерді жаппай тіркеуден бас тарту жемқорлықтың жүйелі көріністерін анықтау үшін шоғырлануға мүмкіндік бергенін атап өтті.