Антикор мен ІІМ-дегі парасаттылыққа тексерудің алдын ала нәтижелері талқыланды

Антикор мен ІІМ-дегі парасаттылыққа тексерудің алдын ала нәтижелері талқыланды

Елордада мемлекеттік органдарының және үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен Ішкі істер министрлігі қызметкерлерінің парасаттылығын тексеру жөніндегі пилоттық жобаның нәтижелерін талқылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігін арттыру мақсатында 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасында Integrity check парасаттылыққа тексеруді енгізу көзделген.

Мемлекет басшысы Тұжырымдаманы бекіте отырып, механизмді халықаралық тәжірибеде жақсы нәтижелерді көрсететін шара ретінде атап өтті.

«Әлемдік тәжірибеде парасаттылықты тексеру ізгілендірудің жалпы саясаты шеңберінде енгізілді, себебі қылмыстық жауапкершілік қолданылмайды. Пара алуға келісім білдірген жағдайда, өзге де пайдалар мен артықшылықтар берілген жағдайда тестіленуші жұмыстан шығарылуға тиіс», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары Дмитрий Малахов.

«Integrity check» парасаттылықты тексерудің пилоттық жобасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері арасында және одан кейін ішкі істер органдарында жүргізілді.

Пилоттық жобаны енгізу жеке құрам арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бөлігінде өзінің тиімділігін көрсетті және қызметкерлердің жауапкершілік деңгейін арттырды.

Тексерумен қамтылмаған, бірақ басқа тұлғалардың заңсыз әрекеттері туралы хабарлаған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің саны артты.

ІІМ жүйесінде жолдағы оқиғаларының азаюына әсер етті, ал оларға азаматтардан пара беру әрекеттері туралы рапорттар саны 10 есе өсті.

Сонымен қатар, кейбір жағдайларда бұл жемқорлық қылмыстың жолын кесуге көмектесті.

Парасаттылыққа тексеру мемлекет пен азаматтардың мүдделеріне ықтимал залалдың алдын алуға болатын превенциялық тетігін білдіреді.

Дөңгелек үстел барысында Азия Даму Банкінің өкілдері Integrity check құралын енгізудің халықаралық тәжірибесімен бөлісті.

Ол АҚШ, Австралия, Венгрия, Молдова, Румынияда сәтті жүзеге асырылуда.

Нью-Йорк полициясының консультанты Мария Хаберфельдтің айтуынша, бұл механизм алғаш рет NYPD жүйесіне енгізілген, бүгінгі күнге дейін қолданылып келеді және құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында жемқорлықтың алдын алудың ең пәрменді тетігі ретінде белгіленеді.

Сыбайлас жемқорлық жағдайын жасанды модельдеу коррупцияға қарсы іс-қимылдың тиімді тетігі бола қызметкерлердің жауапкершілік деңгейін айтарлықтай арттыра алады.