Сарыарқа ауданының №2 Мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен М. Әбжан көрінеу жалған ақпарат таратқаны және бопсалағаны үшін кінәлі деп танылды.
2022 жылдың 3 шілдесінде М. Әбжан 50 миллион теңге алған кезде ұсталды.
Сот сотталушының қылмыстық іс-әрекетін қауіпті қайталануы деп танды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Әбжан екі рет сотталған болатын.
Сонымен қатар, алаяқтық бойынша соттылық жойылған жоқ.