Полицейлер Ақмола облысында 100 млн. теңгеден астам қаражат жымқырғаны үшін сотталды

Полицейлер Ақмола облысында 100 млн. теңгеден астам қаражат жымқырғаны үшін сотталды

Целиноград аудандық сотының үкімімен Ақмола облысы полиция департаменті патрульдік полиция ротасының командирі полиция подполковнигі Талғат Ерденов пен патрульдік полиция ротасының аға инженері полиция капитаны Махсат Жаманбаев орташа қауіпсіздік түзеу мекемесінде жазасын өтеуге 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Тергеу барысында Ерденов пен Жаманбаевтың алдын ала сөз байласу арқылы ЖЖМ-ге сеніп тапсырылған талондарды жалпы сомасы 100 миллион теңгеден астам жымқыру жолымен ұрлағаны дәлелденді.

Сотталғандар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.