Жоғарыда аталған адамдар «KAZPROFSTROY HOLDING» ЖШС мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша жеңімпаз ретінде танылуына ықпал жасау үшін пара алу, беру және парақорлыққа делдал болу деректері бойынша айыпталған.
Сот үкімімен Е.З. Мараимовке қатысты 8 жыл мерзімге, А.Ағабекке қатысты 7 жыл 6 ай мерзімге, К.Кожахметовке қатысты 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Осы үкіммен парақорлыққа делдал болу фактісі бойынша Е.С. Турсунбековке қатысты 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сотталғандар мемелекеттік қызметтегі лауазымды атқару құқығынан өмір бойына айырылған.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.