Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен «ШҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясы» РММ басшысы әшкереленді

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен «ШҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясы» РММ басшысы әшкереленді

Ол өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, 2021 - 2022 ж. аралығында қызмет мүддесіне қайшы, пайда табу мақсатында рұқсат етілген салмақтық параметрлерден асып түсетін (артық тиеумен) кенді тасымалдаумен айналысатын үлестес ЖШС-ны әкімшілік жауапкершіліктен алып тастаған. Бұл өз кезегінде бюджетке 65,5 млн. теңге сомасында алымдар түспеуге әкеп соқты.

А.ж. 17 қыркүйекте Өскемен қаласының тергеу соты күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.