Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР ІІМ ҚАЖК «Еңбек» ШЖҚ «Еңбек-Қызылжар» РМК филиалында жемқорлық фактісінің жолын кесті

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР ІІМ ҚАЖК «Еңбек» ШЖҚ «Еңбек-Қызылжар» РМК филиалында жемқорлық фактісінің жолын кесті

2022 жылғы 23 тамызда мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша сотталғандар үшін азық-түлікті қабылдау-тапсыру актісіне кедергісіз қол қойғаны үшін осы мекеменің басшысы жеке кәсіпкерден пара алған кезде ұсталды.

Күдікті Петропавл қаласының УҰИ-не қамалды.

Кінәнің толық танылуын және сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеруді жүргізу туралы келіп түскен өтінішхатты ескере отырып, тергеу соты оған қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.

Кінәлілік дәрежесін сот анықтайды.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.