Антикор Ғылым қорын ғылыми жобалар бойынша бюджетті бөлу кезінде ашықтыққа шақырды

Антикор Ғылым қорын ғылыми жобалар бойынша бюджетті бөлу кезінде ашықтыққа шақырды

30 Маусымда Ғылым қоры алаңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру бойынша семинар өтті.

Агенттіктің Превенция қызметі басшысының орынбасары Ғанижан Асанұлы ғылым саласы кез келген елдің өркендеуінің кепілі болып табылатынын атап өтті. 2022-2024 жылдары ғылыми жобаларды қаржыландыру көлемі шамамен 18 млрд теңгені құрайтынын ескере отырып, Қор рәсімдердің ашықтығына ерекше назар аударғаны жөн.

Ұсыным ретінде әрбір жоба бойынша, оның ішінде іске қосылған ғалымдар, жобаны аяқтаудың түпкілікті мақсатына дейін іске асыру барысы туралы ақпаратпен ашық қолжетімділікте қаржыландыруға мақұлдау алған жобалардың бірыңғай электрондық базасын құру ұсынылды.

Семинар барысында Агенттіктің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру басқармасының басшысы Нұрсұлтан Бекинов Қор және оның қызметкерлері үшін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның негізгі талаптарымен егжей-тегжейлі таныстырды.

Қатысушыларға сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарын және қарамағындағылардың сыбайлас жемқорлықты болдырмау бойынша шаралар қабылдамағаны үшін басшылықтың жауапкершілігі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер және сыбайлас жемқорлықты тиімді алдын алу тәсілдері туралы ақпарат жеткізілді.

«Бізге сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін осындай іс-шараларды жүйелі негізде өткізу өте маңызды. Біздің ұйымымыздағы әрбір қызметкер заңнаманы бұзуды азайтуға бағытталған қабылданған заңдарды басшылыққа алып, сақтауы тиіс», - деді Ғылым қоры басқармасының төрағасы Әбділдә Шәменова

Семинар қорытындысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері ғылыми жобаларға бюджеттің бөлінуіне нақты мониторинг жүргізуге дайын екендіктерін білдірді.