Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қатары 50 жас қызметкермен толықты

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қатары 50 жас қызметкермен толықты

Құқық қорғау органдары академиясында Антикоррупциялық қызметтен алғашқы кәсіптік даярлықтан өткен 50 тыңдаушы оқуын аяқтады.

Бұл Агенттік тарихындағы тұңғыш бітірушілер болып табылады.

6 айға созылған оқуға аумақтық департаменттерде кәсіби дайындық және тағылымдамадан өту кірді.

Алғашқы кәсіби даярлықтан өтуге іріктеуге 200 үміткер қатысты, емтихан нәтижелері бойынша іріктеуден 50 адам өтті.

Академия түлектеріне оқудан өткені туралы сертификаттар берілді, ал ерекше көзге түскен төрт тыңдаушы Академия Ректорының грамоталарымен марапатталды.

Академияның барлық түлектері «Құқық қорғау қызметі туралы» ҚР Заңына сәйкес Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің кадр резервіне алынды.

Бір ай ішінде қызметке тағайындалады. Кандидаттарды кезекті іріктеуді осы жылдың екінші жартыжылдығында өткізу жоспарлануда.

Өз мансабын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен байланыстырғысы келетін азаматтар үшін Агенттіктің әлеуметтік желілердегі парақшаларына жазылуды ұсынамыз.