Мемлекеттік органдар мен ұйымдар сыбайлас жемқорлықтан өзін-өзі тазарту құралдарын пайдалануға мүдделі

Мемлекеттік органдар мен ұйымдар сыбайлас жемқорлықтан өзін-өзі тазарту құралдарын пайдалануға мүдделі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Мемлекеттік қызмет персоналын басқару ұлттық орталығының ұжымдарымен кездесулер өткізді.

Айта кетсек, 2020-2022 жылдар аралығында мәдениет және спорт саласында сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін 32 адам сотталды.

Жыл басынан бері сыбайлас жемқорлықтың 19 фактісі тіркеліп, оларды жасағаны үшін мәдениет және спорт саласының 13 қызметкері жауапқа тартылуда.

Агенттік тарапынан қылмыстың алдын алу және оған жол бермеу және тиісінше қылмыстық істерді жүргізу мақсатында алдын алу шараларына басты назар аударылады.

Осындай шаралардың бірі квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің әлеуетін дамыту болып табылады.

МСМ құрылымында қызметі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерімен ұштасқан 78 ведомстволық бағынысты ұйым бар.

«Мемлекеттік қызмет персоналын басқару ұлттық орталығы» АҚ мемлекеттік қызметке түсуге тестілеу өткізу бойынша азаматтар арасында сұранысқа ие мемлекеттік қызметтерді көрсетеді.

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев пен «МҚПБҰО» АҚ Бас директоры Ұлан Бекіш сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және ұйымдардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың өзге де шараларын қабылдау қажеттілігін атап өтті.

Агенттік басқа мемлекеттік органдарда және квазимемлекеттік мекемелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру бойынша кездесулер өткізуді жалғастыруда.