Антикор және ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің жұмысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізеді

Антикор және ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің жұмысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізеді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, Көші-қон қызметі комитетінің жұмысындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауды бастады.

Талдау шеңберінде мемлекеттік қызметтер көрсету және бақылау-рұқсат беру функцияларын іске асыру рәсімдерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою бойынша жұмыс жүргізілетін болады.

Көші-қон қызметіндегі сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша ақпаратты 1402, 8 7172 714 109 нөмірлері арқылы хабарлауларыңызды және жүйені жетілдіру бойынша ұсыныстар болған жағдайда оларды tolybekov.n@antikor.gov.kz электрондық поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.