Агенттік қызметкерлері БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының аймақтық семинарына қатысты

Агенттік қызметкерлері БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының аймақтық семинарына қатысты

Өзбекстан Республикасының Самарқанд қаласында 18-20 мамыр аралығында Агенттік қызметкерлері Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының «Жібек жолының экономикалық белдеуі бойындағы елдердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы БҰҰ Конвенциясын жүзеге асыруды қолдау жолымен орнықты дамуға жәрдемдесу» жобасы аясында бірінші өңірлік семинарға қатысты.

Семинарға қатысушылар мен 10-нан астам елдің (Албания, Әзірбайжан, Армения, Иран, Моңғолия, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркия, Ресей Федерациясы және Өзбекстан) халықаралық сарапшылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәжірибені, инвестициялық жобалардағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және тергеу әдістерін, жергілікті жерлердегі жағдайды және қабылданып жатқан шараларды талқылады. Семинар қорытындысы бойынша бірқатар бірлескен ұсынымдар әзірленді.

Қазақстан делегациясымен Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттары, оның ішінде кәсіпкерлікті дамыту және инвестициялық қызмет аясында баяндалды. Бизнесті қолдау және лауазымды тұлғалардың заңсыз іс-әрекеттерінен қорғау бойынша қабылданып жатқан шараларға ерекше назар аударылды.

Іс-шара барысында қатысушы елдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомстволарының серіктестерімен екіжақты ынтымақтастық жолға қойылды, одан әрі өзара іс-қимыл жасауға, ақпарат және тәжірибе алмасуды кеңейтуге арналған қадамдар айқындалды.