Turkistan Invest төрағасының орынбасары 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды

Turkistan Invest төрағасының орынбасары 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды

Түркістан қалалық сотының үкімімен орташа қауіпсіз түзеу мекемесінде жазасын өтеумен «Turkistan Invest» Инвестициялар тарту және экспортты дамыту жөніндегі өңірлік агенттігі» ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары А. Ержанов 3 жыл 6 айға сотталды.

Ол «Композит Групп Казахстан» ЖШС басшылары С. Конусов пен А. Гомаюмовты алдау жолымен 2 млн теңге иемденгені және Түркістан облысы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына тракторларды жеткізу бойынша Мемлекеттік сатып алулар конкурсының жеңімпазы деп танығаны үшін пара беруге айдап салғаны үшін кінәлі деп танылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.