Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанындағы Қоғамдық кеңес Олимпиада чемпионымен толықты

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанындағы Қоғамдық кеңес Олимпиада чемпионымен толықты

А.ж 21-сәуір күні Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырысқа Агенттік Төрағасы Олжас Бектенов, Қоғамдық кеңес төрағасы Дархан Қыдірәлі және қоғам белсенділері қатысты

Кеңестің жаңа мүшесіне мемлекет қайраткері, бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сапиев және «Әділдік жолы» РҚБ атқарушы директоры Дидар Смағұлов кірді.

Отырыста ҚР Президентінің «мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиясыздандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын жүзеге асыру аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қабылдап жатқан шаралар туралы айтылды.

Агенттік Төрағасы Олжас  Бектенов мемлекеттік аппаратты бюрократиясыздандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар өте маңызды және уақтылы екеніндігін, Антикор жекелеген бизнес-процестерді оңтайландыруды бастағандығын атап өтті.

Сонымен қатар, кеңес мүшелеріне көліктік бақылау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдаудың алдын ала нәтижелері, сондай-ақ полицейлердің заңсыз әрекеттері бойынша қылмыстық істердің тергеу барысы айтылды.

«Мен қоғамдық кеңеске пайда әкелетініме сенімдімін, өйткені менің азаматтық ұстанымым бар. Мен елдің қарапайым азаматы ретінде адал мемлекетте, сыбайлас жемқорлықсыз, әділ мемлекетте өмір сүргім келеді ... Менің жұмыс тәжірибем, менің ұстанымым мемлекетімізді дамытуға және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне, атап айтқанда, қоғамдық кеңеске ел игілігі үшін пайда әкелуге мүмкіндік береді деп ойлаймын", - деп атап өтті Олимпиада чемпионы Серік  Сапиев.

Сондай-ақ, Қоғамдық кеңес мүшелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың қабылданған Тұжырымдамасы сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жүйелі түрде жоюға, жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз етуге, ойлауды түбегейлі өзгертуге бағытталғанын атап өтті. Қоғамдық кеңес 5 жылдық стратегиялық құжаттың іске асырылу барысына мониторингті жүзеге асыратын болады.