Алматы облысы көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлерінің заңсыз қызметінің жолы кесілді

Алматы облысы көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлерінің заңсыз қызметінің жолы кесілді

Алматы облысы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаментімен және Талдықорған көлік прокуратурасымен бірлесіп Алматы облысы көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлерінің заңсыз қызметінің жолын кесті.

Бөлім басшысы мен оның екі қызметкері 2021 жылдың басынан бастап 2022 жылдың ақпанына дейінгі кезеңде кәсіпкерлерден автомобиль жолдарында кедергісіз жүріп өткені және оларды әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін жүйелі негізде 50 мыңнан 280 мың теңгеге дейін пара алды.

Көліктік бақылау инспекциясының үш қызметкері ұсталып, Талдықорған қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Күдіктілерге қатысты түпкілікті үкімді олардың кінәлілік дәрежесін анықтай отырып, сот шығарады.