Түркістан облысы Бәйдібек ауданы әкімінің бұрынғы орынбасарына қатысты сот үкімі шықты

Түркістан облысы Бәйдібек ауданы әкімінің бұрынғы орынбасарына қатысты сот үкімі шықты

2021 жылғы 27 желтоқсанда Шымкент қаласы Қаратау аудандық сотының үкімімен Түркістан облысы Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары А. Темір ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігі 2-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 14 000 000 теңге көлемінде айыппұлға сотталды.

Естеріңізге сала кетейік, А. Темір Түркістан облысы Бәйдібек би ауданында фронт – офис құрылысының шарты бойынша 22 184 000 теңге сомасына ақша қаражатын аударғаны үшін ЖШС директорынан алаяқтық жолмен 1 000 000 теңге сомасында ақша қаражатын алды деп күдіктенген болатын.