Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары О. Бектенов БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына қатысушы елдердің 9-шы сессиясында бейнеүндеу жасады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары О. Бектенов БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына қатысушы елдердің 9-шы сессиясында бейнеүндеу жасады

Спикер өз сөзінде БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне қолдау көрсетуден бастап, GRACE-тің жаңа бастамасына қатысуға дайын екенін білдірді. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және парасаттылық бойынша инновациялық оқыту құралдарын енгізуді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық науқандарды, жазғы мектептерді және т.б. өткізуді көздейді.

Агенттіктің өкілі қатысушыларды саяси жаңғырту шаралары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа заңнамаларға назар аудара отырып, елде жүргізіліп жатқан реформалармен егжей-тегжейлі таныстырды.

Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті, НҚА жобаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамасын, бағыныстылардың сыбайлас жемқорлығы үшін басшылардың жауапкершілік институтын және басқаларды қоса алғанда, енгізілген құралдардың нәтижелілігі туралы атап өтті. Ел Президентінің тапсырмасы бойынша әзірленіп жатқан 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасына ерекше назар аударылды.

О. Бектенов халықаралық стандарттарды, оның ішінде БҰҰ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы Конвенциясында бекітілген стандарттарды енгізу тұрғысынан алдағы шаралар туралы айтып берді. Атап айтқанда, негізсіз байығаны үшін жауапкершілікті енгізу және сыбайлас жемқорлық үшін заңды тұлғалардың жауапкершілігін кеңейту туралы сөз болды.

Іс-шара қорытындысы бойынша нақты іс-қимылға бағытталған саяси Декларация қабылданды. Бұл құжатта сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың кешенді тәсілін қамтамасыз етуге, халықаралық қоғамдастықтың бірлескен күш-жігерін қабылдауға және парасаттылықты, ашықтық пен есептілікті ілгерілетуге ерекше назар аударылған.