800 мың теңге көлемінде пара алған «Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі» ЖШС «ҚТЖ - Жүк тасымалы» филиалының бастығының қылмысы әшкереленді

800 мың теңге көлемінде пара алған «Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі» ЖШС «ҚТЖ - Жүк тасымалы» филиалының бастығының қылмысы әшкереленді

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Жамбыл облысы бойынша ҰҚКД-мен бірлесіп жедел іс-шаралар аясында 800 мың теңге көлемінде пара алған «Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі» ЖШС «ҚТЖ - Жүк тасымалы» филиалының бастығын әшкереледі.

Аталған лауазымды тұлға қабылданған жылдық есептерді оң қарағаны және одан әрі қамқорлығы үшін ақшалай қаражат алған.

Өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Тергеу жалғасуда.