Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлер арасында шағын футбол және волейболдан турнир өтті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлер арасында шағын футбол және волейболдан турнир өтті

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігі (бұдан әрі-Агенттік) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне және ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жеке құрам арасында шағын футбол мен волейболдан финалдық ойын өтті. Оған өңірлік жарыстардың жеңімпаздары қатысты.

Шағын-футболдан финалда Агенттіктің Қостанай, Жамбыл, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстары бойынша департаменттерінің (бұдан әрі – СЖҚІҚАД), Қостанай, Қызылорда, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстары бойынша СЖҚІҚАД волейбол командалары кездесті.

Іс-шараға өңірлік департаменттер мен Орталық аппарат қызметкерлерінен барлығы 9 команда қатысты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы барлық қатысушыларды құттықтап, Тұңғыш Президент күні – әрбір қазақстандық үшін маңызды күн, Елбасының ерен еңбегі үшін құрмет екенін атап өтті. «Тұңғыш Президент-Елбасы қажырлы қызметімен, зор күш-жігерімен тәуелсіз Қазақстанды құрды. Сондықтан осы айтулы күні біз қызметкерлер арасында спорттық турнир өткізіп отырмыз. Спорттық жарыстар салауатты өмір салтын қалыптастырып қана қоймай, ұжымды біріктіреді. Спорт біздің қызметкерлеріміздің күнделікті өмірінің ажырамас бөліг. Жарыс әділ өтіп, бүгін ең мықты жеңіске жетсін», - деп атап өтті М. Ахметжанов.

Жүлделі орын алған командалар кубоктармен және медальдармен марапатталды.

Сонымен қатар, шағын-футболдан жарыс қорытындысы бойынша Ақтөбе облысы бойынша СЖҚІҚАД қызметкері А. Исаев «Үздік қақпашы», Қостанай облысы бойынша СЖҚІҚАД қызметкері А. Шубаев «Үздік ойыншы» және А. Егембердиев «Үздік қорғаушы» болып танылды, ал волейболдан Қызылорда облысы бойынша СЖҚІҚАД қызметкері Н. Мұсахан «Үздік шабуылшы», Ақтөбе облысы бойынша СЖҚІҚАД басшысы Н. Шабдар «Үздік ойыншы» және Қостанай облысы бойынша СЖҚІҚАД қызметкері «Үздік қабылдаушы» Ж. Тагленова жеңімпаз атанды.

Іс-шаралар санитарлық нормалар мен карантин талаптарын қатаң сақтай отырып жүргізілді.