Бас экологиялық инспектор-Қызылорда облысының экология департаменті басшысы орынбасарының қылмыстық әрекеті

Бас экологиялық инспектор-Қызылорда облысының экология департаменті басшысы орынбасарының қылмыстық әрекеті

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Бас экологиялық инспектор-Қызылорда облысының экология департаменті басшысы орынбасарының қылмыстық әрекетінің жолын кесті. Ол бұған дейін келісілген 100 млн теңгеден 50 млн теңге сомасында пара алуда күдікке ілінді. Лауазымды тұлға ұсталып, Шымкент қаласы ІІД УҰИ қамауға алынды. Сонымен қатар, кеше оның алдында қызмет атқарған Бас экологиялық инспектор – Қызылорда облысы бойынша экология департаменті басшысының м.а. Аптикаликовтың Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотымен 11 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған үкімі жарияланды. Ағымдағы жылдың ақпан айында ол 30 млн теңге сомасында пара алғаны үшін ұсталды.