Түркістан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде

Түркістан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде

Түркістан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің облыстық департаменті «Кентау қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Аталған лауазымды тұлға Сovid-19 коронавирустық инфекциясының таралуын тежеу бойынша мемлекет қабылдап жатқан шараларға қарамастан, кәсіпкерлерден «Ашық» қосымшасын енгізу үшін оң санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды бергені үшін 100 мыңнан 120 мың теңгеге дейін пара алды.

Күдікті ҚР ҚПК 128-бабына сәйкес ұсталып, Түркістан қ. ПБ УҰИ-да қамауға алынды.

Күдіктіге қатысты түпкілікті үкімді оның кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, сот шығарады.