Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы облысының Кәсіпкерлік және Индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысына және мердігерлік ұйымның басшылығына қатысты аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Басқарма басшысы ЖШС басшылығынан жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бойынша ЖШС-ін байқау жеңімпазы деп тану және «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында бөлінген қаражат есебінен салынған объектіде орындалған жұмыстардың көлемін әрі қарай кедергісіз қабылдау үшін облыс аумағында объект салу бойынша 666 млн.теңгені құрайтын шарт сомасының 15% есебінен «кері қайтару» ретінде алдын ала келісілген 90 млн. теңгеден 33 500 АҚШ доллары сомасында пара алуда күдікке ілінді.

Лауазымды тұлға, мердігер ұйымның құрылтайшысы мен директоры аса ірі көлемде пара алу және беру күдігі бойынша ұсталып, Алматы облысының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешілуде.

Тергеу жалғасуда. ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне сай басқа мәліметтер жария етуге жатпайды.