ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің консультативті-кеңесші органындағы ақылы лауазымға конкурс жарияланады

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің консультативті-кеңесші органындағы ақылы лауазымға конкурс жарияланады

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) консультативті-кеңесші органындағы ақылы лауазымға конкурс жариялайды:

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғамдық кеңесінің хатшысы, Aзаматтық қызметшілердің (білікті жұмысшыларды қоспағанда), мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлері лауазымдарының сыныптамасының «D» блогы (қосалқы персонал).

Функционалдық міндеттемелері: Қоғамдық кеңестің отырыстарын дайындау мен өткізудің ұйымдастырушылық мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді; Қоғамдық кеңесте іс жүргізуді ұйымдастырады және жүргізеді, сондай-ақ Қоғамдық кеңес шешімдерінің орындалу мерзімдеріне бақылау жасайды; Қоғамдық кеңес төрағасының, төралқа мүшелерінің және қоғамдық кеңес мүшелерінің тапсырмаларын орындайды; Қоғамдық кеңес отырыстарын өткізуді ұйымдастырады, Қоғамдық кеңес отырысының күн тәртібін дайындайды; Қоғамдық кеңесінің мүшелеріне және шақырылған тұлғаларға отырыстың өту орны мен уақыты туралы хабарлайды; Қоғамдық кеңес мүшелерін Қоғамдық кеңес отырыстарын өткізгенге дейін қажетті материалдармен, құжаттармен және ақпаратпен қамтамасыз етеді; Қоғамдық кеңес отырыстарының хаттамаларын рәсімдеуін және оларға қол қоюын жүргізеді, қабылданған шешімдерді (ұсынымдарды) Қоғамдық кеңес мүшелеріне, мүдделі тараптарға таратуды жүзеге асырады; Қоғамдық кеңесте жалпы іс қағаздарын жүргізеді және ұйымдастырады, Қоғамдық кеңес басшылығына кіріс қоңырауларын қабылдайды; жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша іс жүргізуді ұйымдастырады және жүргізеді, өтініш беруші-адресаттарға өтініштерді қарау қорытындылары бойынша Қоғамдық кеңестің дайындаған жауаптарын таратуды жүзеге асырады; Қоғамдық кеңестің қарауына келіп түскен құқықтық актілер жобаларының есебін жүргізеді, келіп түскен құқықтық актінің жобасын қарауға қабылдау немесе қабылдамау туралы шешім қабылдау үшін Қоғамдық кеңестің мүшелеріне таратуды жүзеге асырады; Қоғамдық кеңестің дайындаған ұсынымдарына қол қоюды ұйымдастырады және ұсынылған құқықтық актінің жобасын әзірлеуші органға жібереді.

Кәсіби құзыреттілігі: мемлекеттік және орыс тілдерін жетік білу; білуге тиіс: Қоғамдық кеңестердің құқықтарын анықтайтын және қызметін реттейтін заңнамалық және құқықтық актілер, нормативтік және өзге де құжаттар; Қоғамдық кеңес туралы ереже; іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру, құжаттарды ресімдеу және өңдеу әдістері, архив ісі; үлгі нысандарын пайдалана отырып, іс хаттарын басу тәртібі; этика және эстетика негіздері; іскерлік қарым-қатынас тәртібі; әкімшілік құқық негіздері; өндірісті, еңбек және басқаруды ұйымдастыру негіздері; еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Білім деңгейі мен мамандығына қойылатын талаптар: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білім.

Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар: тиісті мамандық бойынша 2 жыл кем емес жұмыс өтілі.

Қоғамдық кеңес хатшысы ақылы лауазымына кандидатына қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасының жиырма екі жасқа толған, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қ. шегінде тұрақты тұратын азамат кандидат бола алады.

  1. Кандидаттың:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға;

2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;

3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.

Агенттіктің Қоғамдық кеңесі хатшысының жалақысы 52 029,18 теңге –58 223,13 теңгеге дейін құрайды.

Құжаттарды  қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күні.

Құжаттар электронды және қағаз тасығыштарда Агенттіктің Әкімшілік-құқықтық департаментінде (индексі 000001,  Нұр-Сұлтан қ., С. Сейфуллин көш., 37, анықтама телефондары (факс): +7(7172) 90-92-33, сондай-ақ электрондық түрде e-mail: g.abzhani@anticorruption.gov.kz электрондық поштасы арқылы) қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін қажет құжаттардың тізімі:

1) осы Хабарламаның қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті;

2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

3) бiлiм туралы құжаттардың көшiрмелерін;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;

5) сотталғандығының, психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну, сонымен қатар белгіленген мерзімдерді бұзу кандидатты әңгімелесуге жіберудіен бас тартуға негіз болып табылады.

 

Хабарламаға
қосымша

 

Нысан

Қазақстан Республикасының
Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігінің
(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызмет) Төрағасы

М.М. Ахметжановқа
___________________ азаматтан ЖСН ______________________, Нұр-Сұлтан қ., ________________ көш. мекен-жайы бойынша тұратын

Өтініш

    Мені Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғамдық кеңесінің хатшысы лауазымына орналасу үшін конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

  Конкурс өткізу қағидалары талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттенемін.

     Ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің түпнұсқалылығын растаймын.

  Мен берген мәліметтердің шындыққа жанаспауы Агенттіктің Қоғамдық кеңесінің хатшысы лауазымына қабылданудан бас тартуға әкеліп соғуы мүмкін екендігі маған белгілі.

      Маған қатысты тексеріс іс-шараларын жүргізуге келісемін.

      Қоса берілетін құжаттар:

     1)_________________________________________________________________;

      2)_________________________________________________________________.

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      2021 жылғы «___» ______________.