ҚР Сыбайлас жемқорлаққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғамдық кеңесінің құрамына қосымша сайлау конкурсын өткізу бойынша хабарландыру

ҚР Сыбайлас жемқорлаққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  Қоғамдық кеңесінің құрамына қосымша сайлау конкурсын өткізу бойынша хабарландыру

ҚР Сыбайлас жемқорлаққа қарсы іс-қимыл агенттігінің
Қоғамдық кеңесінің құрамына қосымша сайлау конкурсын өткізу бойынша хабарландыру

Құрметті азаматтар және коммерциялық емес ұйымдар!!!Осымен, ҚР Сыбайлас жемқорлаққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 ж. 2 қарашадағы Заңының (2021 ж. 3 қаңтардағы түзетулермен бірге) 9 және 10-б.б., ағымдағы жылдың 15 наурызында қолданысқа енгізілген ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 ж. 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережесіне сәйкес коммерциялық емес ұйымдар және азаматтар қатарынан Агенттіктің Қоғамдық кеңес (бұдан әрі – Кеңес) құрамына 5 үміткерді қосымша сайлау туралы конкурс өткізетіні туралы хабарлайды.

Бүгінгі таңда Кеңестің сандық құрамында Агенттіктің өкілдері, коммерциялық емес ұйымдардың субъектілері, азаматтардың қатарынан 10 мүше ұсынылған, оны 15-ке жеткізу жоспарланып отыр.

Кеңестің негізгі құрамына кірмеген, алайда қолданыстағы заңнамамен қойылатын талаптарға сәйкес келетін азаматтар мен коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері Кеңестің «резервтік тізіміне» кіреді.

Осымен, конкурсқа қатысуға ниет білдіргендер мынадай құжаттарды тапсырады:

1) кандидатураны Кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

2) өмірбаян деректерін көрсете отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады;

3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;

4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама.

Кеңес мүшелігіне кандидат құжаттар тізбесінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген анықтамаларды өз бетінше немесе өзінің қатысуымен Кеңес құрылатын Агенттіктің ақпараттық жүйелерден көрсетілген анықтамаларды талап етуіне жазбаша келісім арқылы ұсынады.

Жоғарыда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімі қосымшаға сәйкес 2021 ж. 30 сәуіріне дейін (қоса алғанда).

Құжаттарды мына мекенжайға тапсыру қажет: индекс 010000,
Нұр-Сұлтан қ., С.Сейфуллин к-сі 37, сондай-ақ, g.abzhani@anticorruption.gov.kz электрондық мекенжайына.

__________________________________