ҰҚК-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл нәтижелері туралы

ҰҚК-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл нәтижелері туралы

А.ж. ақпан-сәуірде ҰҚК СЖҚҚ-мен 317 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары тіркелді.

Сыбайлас жемқорлық фактілерінің басым бөлігі парақорлық, алаяқтық және лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану сияқты қылмыстарға қатысты.

Қылмыстық істер бойынша 226 адам күдікті деп танылды.

198 қылмыстық істі тергеу аяқталды, оның 175-і сотқа жіберілді.

Анықталған залал сомасы (аяқталған қылмыстық істер бойынша) 4,2 млрд теңгені құрады.

Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

 

ҰҚК баспасөз қызметі