Қоғамда заңдылық пен тәртіпті нығайту мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша жүйелі жұмыс жүргізеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимыл халықтың белсенді қатысуымен мүмкін болады.
Бұл ретте, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы дер кезінде хабарлау аса маңызды, өйткені бұл құқықбұзушылықтарды жедел анықтап, жолын кесуге мүмкіндік береді.
Осыған байланысты мемлекет тарапынан мұндай фактілер туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеу шаралары көзделген.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске басқа да жолдармен көмек көрсеткен тұлғаларға, кінәлі адамға қатысты сот шешімі немесе айыптау үкімі заңды күшіне енген жағдайда, біржолғы ақшалай сыйақы төленеді.
Сыйақы көлемі 10%-ға дейін, бірақ 4 мың АЕК-тен аспайды.
Яғни, сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағаны үшін 15,7 млн теңгеге дейін сыйақы алуға болады.
Ағымдағы жылдың 6 айында Агенттіктің аумақтық департаменттері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдемдескені үшін 41 тұлғаны 19,9 млн теңге көлемінде ақшалай сыйақы төлей отырып көтермелеген, оның ішінде 19 мемлекеттік қызметші грамоталармен марапатталған.
Ең көп көтермеленген азаматтар Алматы, Астана қалалары мен Жамбыл облысына тиесілі.
Сыбайлас жемқорлық туралы хабарламалар тек азаматтардан ғана емес, мемлекеттік қызметшілердің өздерінен де келіп түсуде.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарлама берген тұлғалардың толық құпиялылығын қамтамасыз етеді.
Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдар мемлекеттіңқорғауына алынады.
Бұл қорғау олардың физикалық қауіпсіздігін ғана емес, сондай-ақ құпиялылықтың сақталуын және еңбек құқықтарының қорғалуын да қамтиды.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мұндай азаматтар тиісті комиссия құрамына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілінің қатысуынсыз тәртіптік жауапкершілікке тартылмайды, жұмыстан шығарылмайды немесе басқа лауазымға ауыстырылмайды.
Сыбайлас жемқорлық фактісін хабарлаған тұлғалар туралы құпия ақпаратты жария ету қылмыстық жауапкершілікпен қудаланады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет азаматтарды сыбайлас жемқорлық фактілері туралы ақпарат болған жағдайда 1424 нөмірі бойынша Call-орталыққа немесе 8/777/000-14-24 нөмірі арқылы WhatsApp мессенджеріне хабарласуға шақырады.
БАҚ-қа арналған сілтеме (жемқорлық фактісі туралы хабарлаған тұлғалар): https://disk.yandex.kz/d/qZdGTZNqe2YetQ
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП