Қоғамда «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету аясында, Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және оның Маңғыстау облысы бойынша департаментімен бірлесе отырып, «Әділетті Қазақстан - Адал азамат» тақырыбында азаматтар арасында әлеуметтік бейнероликтер байқауын ұйымдастыруда.
Байқаудың мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, азаматтық жауапкершілікті дамыту және адалдық, әділеттілік пен парасаттылық құндылықтарын насихаттау, сондай-ақ «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайту болып табылады. Байқау азаматтарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға тартуға және әділет жолындағы белсенді қадамдарға ынталандыруға бағытталған.
Бейнеролик мазмұны қамтылуы тиіс:
• күнделікті өмірде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тәсілдері;
• қоғамда заң мен тәртіпті сақтауға үндеу (пара бермеу, құқықбұзушылықтар туралы хабарлау, заң аясында әрекет ету).
Өз тарихыңызбен, идеяңызбен немесе әділетті қоғам туралы көзқарасыңызбен бөлісіңіз. Сіздің даусыңыз маңызды!
Жұмыстарды қабылдау: 2025 жылғы 27 маусым - 27 шілде аралығы
Қатысушылар: 18 бен 45 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының азаматтары
Жалпы жүлде қоры: 2 000 000 теңге
Жеңімпаздар саны – 6 адам, мемлекеттік тілде 3 жеңімпаз және ресми тілде 3 жеңімпаз 1-орын — 500 000 теңге көлеміндегі сертификат;
2-орын — 300 000 теңге көлеміндегі сертификат;
3-орын — 200 000 теңге көлеміндегі сертификат.
Әділеттің үніне айналып, еліміздің болашағына үлес қосуға мүмкіндік жіберіп алмаңыз.
Адалдыққа, заңға бағынуға, қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидаттарын ұстануға шабыттандыратын бейнеролик жасаңыз.
Бірге – заң мен тәртіп үстемдік құрған Әділетті Қазақстан үшін!
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
__ Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе WhatsApp-чат-бот: 8 777 000 1424 және @antikorkz_bot Telegram-боты арқылы шұғыл хабарлаңыз.