Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет алғаш рет Еуропа кеңесінде ГРЕКО отырысына бағалаушы ретінде қатысты

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет алғаш рет Еуропа кеңесінде ГРЕКО отырысына бағалаушы ретінде қатысты

Қазақстан ГРЕКО-ның Страсбургтегі 100-ші пленарлық отырысында бағалаушы елдің рөлін атқарды.

Еуропа Кеңесінің ғимаратында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобының (ГРЕКО) 100-ші пленарлық отырысы өтті, оған сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұсынымдардың орындалуын бағалаудың бесіншіраунды шеңберінде Қазақстан Республикасы бағалаушы ел ретінде алғаш рет қатысты.

ГРЕКО Хатшылығының шешімі бойынша Қазақстанға Чехия Республикасының Құқық қорғау органдарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға қатысты ұсынымдарды орындауын бағалау тапсырылды.

Бағалау бойынша серіктес Финляндия болды, ол Чехияның орталық мемлекеттік органдарына қатысты ұсыныстардың орындалуын талдауға жауапты болды.

Отырыста Қазақстан атынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Сағыныш Аяғанова қатысты.

Ұлттық сарапшы ретінде ол талдау нәтижелерін таныстырды, оның қорытындысы бойынша есеп мақұлданды. Чехияға келесі 18 ай ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жүзеге асыру бойынша жұмысты жалғастыру ұсынылды.

Қазақстанның бағалаушы ел болып тағайындалуы еліміздің халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы ынтымақтастықсаласындағы беделінің артып келе жатқанын көрсетеді.

Пленарлық отырыс шеңберінде қатысушылар ГРЕКОұсынымдарын іске асырудың озық тәжірибелерін, оларды енгізудің үлгілік қиындықтарын, сондай-ақ одан әрі жұмыстың перспективалық бағыттарын талқылады.

Азаматтық қоғамның қатысуымен субұлттық (өңірлік) деңгейде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне баса назар аударылатын бағалаудың алдағы алтыншы раундына ерекше назар аударылды.

Бұл раундтағы алғашқы бағалар Эстония, Словакия, Люксембург және Словениядан өтеді. Сондай-ақ, Қазақстанның бағалаушы
ел ретінде алтыншы раундқа қатысу мүмкіндігі талқыланды, бұл халықаралық аренада парасаттылық пен транспаренттілікті нығайтудағы еліміздің дәйекті саясатының қисынды жалғасы болады.

#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
_
❗️Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе WhatsApp-чат-бот: 8 777 000 1424 және @antikorkz_bot Telegram-боты арқылы шұғыл хабарлаңыз.