2025жылғы 30 мамырында жыл сайынғы «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті.
«Халық заңгері» – бұл мемлекеттік органдардың өкілдері, білікті заңгерлер менадвокаттар түрлі мәселелер бойынша тегін құқықтық көмек көрсете отырып, азаматтарды қабылдауды жүргізетін ауқымды қоғамдық маңызы бар іс-шара болып табылады.
Биыл мұндай көмекті мемлекеттік органдардың 1000-ға жуық қызметкері мен құқық саласындағы жетекші сарапшылар көрсетті.
Консультациялар азаматтарға ыңғайлы жерлерде – сауда орталықтарында, ХҚКО-тарында, сондай-ақ жоғары оқу орындарының алаңдарында өткізілді.
Іс-шараны өткізу географиясы еліміздің 200 елді мекенін қамтыды.
Нәтижесінде 100 мыңнан астам азамат заңгерлік кеңес алды.
Іс-шараға кәсіби қауымдастықтар: аймақтық адвокаттар алқалары, заң кеңесшілері палаталары, нотариустар және жеке сот орындаушылары айтарлықтай қолдау көрсетті. Сонымен қатар, азаматтарды қабылдауды ұйымдастыруға 100-ге жуық сыбайлас жемқорлыққа қарсы ерікті студенттер қатысты.
Агенттік дәстүрлі түрде Әділет министрлігімен және Zakon.kz. желілік басылыммен бірге акцияны ұйымдастырушылардың бірі болып табылады.
Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен мемлекеттік билік институттарына деген сенімін нығайтудың қажетті шарты ретінде қарастырылады.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
_ Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе WhatsApp-чат-бот: 8 777 000 1424 және @antikorkz_bot Telegram-боты арқылы шұғыл хабарлаңыз.