2025 жылдың 30 мамырында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде Еуропа Кеңесінің Экономикалық қылмысқа қарсы күрес және ынтымақтастық бөлімінің басшысы Евгений Евгениев мырзамен кездесу өтті.
Кездесу барысында Қазақстан мен Еуропа Кеңесі арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы
ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективалары талқыланды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық саясатты жетілдіру, халықаралық стандарттарды енгізу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобының (ГРЕКО) ұсынымдарыніске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сол күні Astana International Forum алаңында Агенттік делегациясы Астана қаласында өткен 2024-2027 жылдарға арналған Еуропа Кеңесінің Қазақстанмен тату көршілік жөніндегі ынтымақтастығының басымдықтары жөніндегі конференцияға қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаттары Қазақстан мен Еуропа Кеңесі арасындағы болашақ өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарын таныстыру, сондай-ақ бірлескен бастамалар мен жобаларды іске асыруүшін ресурстарды жұмылдыру мәселелерін талқылау болды.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
_
❗️Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе WhatsApp-чат-бот: 8 777 000 1424 және @antikorkz_bot Telegram-боты арқылы шұғыл хабарлаңыз.